ЕРІМ ДЕЙТІН ЕЛ БОЛМАСА, ЕЛІМ ДЕЙТІН ЕР ҚАЙДАН ТУАДЫ.
Амансыздар ма , түсіп жатқан пациенттер де есеп жоқ, кішкене демалыста іштегі зарды шығарып алайын. Өткенде дәрігерлердің ақшасын көтеру керек дегенімде осындағы шолақ белсенділер , моменті пайдаланып ақша сұрап жатыр деп, жемқорға теңепті. Қытай, Италия, Германияда дәрігерлер осындай қиын кезде ақша сұрапты ма деп шыққандар бар. Германия, Италия , Испания дәрігерлері мұндай қиын кезде әрине ақша сұрамайды. Себебі олар осы кезге дейін сол қоғамның беделді мүшесі болды. Осы кезге дейін Германияда дәрігерлер жақсы айлық алып келді. Қаланың әкімі 3800 Евро алғанда , жай ең қарапайым дәрігерлердің айлығы 4500 Евро (бруттомен) болды. Кәзір оларға сын сағатты келді ешкім ақшамен санаспай жұмыс істейді. Германия Европадағы жұқтырғандар саны көп болсада өлім саны аз мемлекет. Ал бізде дәрігерлер қоғамның қалдығы сиақты өмір сүріп келеді. 2018 ге дейін дәрігерлердің айлық көрсеткіші 45000 тг болды. Кәзір 75000 тг болуы керек. Ешқандай санатқа кірмей жеңілдік пен баспана да ала алмайды. Тіпті кәзір өте қауіпті инфекцияда жалаң қолмен күресіп жүрсе де, Ештеңе сұрама , Гиппократқа ант бергенсін дейтіндер жеткілікті. Мен Германиядан келгелі дәрігерлердің құқығы , дәрежесі жайлы айтып келем. КВИ басталмай тұрып та айтқам, кәзірде айтудан шаршамаймын. Дәрігерден сапа талап ету үшін , оған жағдайын жасау керек. Айлығын төле, сұраған құралын алып бер де , сапа талап ет. Екінші жолы талап та жоқ, сапа да жоқ. Бізде өкінішке орай екіншісі. Халықаралық JCİ , ISO стандартарына тек Астананың екі үш клиникасы кіреді, басқалары халықаралық түгіл мемлекеттік стандартқа да жауап бере алмайды. Германияда мен болған клиникаларда ,"жоқ" деген сөз нәрсе қылмыспен тең болған. Немістер ондай нәрсені түсінбейді, қалай ауруханада жоқ деген сөз болады. Қазақстанға келген де , бірінші өзін сұрап аласын , "не бар" бүгін немен емдейміз деп. Егер Европа Америкадағыдай эпидемия бізге келсе шыбынша қырылып қаламыз. Себебі осы кезге дейін біз ғылым , медицина дамыту орнына той тойлап, аурухана орнына тойхана салдық. Салыстыру үшін Қазақстан медицинаға ВВП дан 3.9% бөледі, ол шамамен 379$ АҚШ 17,8% шамамен 7285 $ Германия 11% . Медицинадан 188 мемлекет ішінде 172 орындамыз. ( https://gtmarket.ru/ratings/expenditure-on-health/info ) Жаңалықтардан көріп отырсыздар Қытайдан гуманитарлық көмек алып, Турция, Ресей , АҚШ таң көмек сұрап отырмыз.
Ғабит Нурханұлы